Токио олимпиадасында еркін күрестен 74 келі салмақта күрескен Қазақстан балуаны Данияр Қайсанов жүлдесіз қалды. Ол 6 тамыз күні үшінші орын үшін өткен белдесуде әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері өзбекстандық Бекзод Абдурахмоновтан таза жеңілді.
Қайсанов 8/1 финалда жапаон Кэисукэ Отогуроны, ширек финалда египеттік Амр Реда Хуссенді жеңген. Бірақ жартылай финалда екі дүркін әлем чемпионы ресейлік Заурбек Сидаковтан жеңіліп, қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алған еді.
28 жастағы Данияр Қайсанов – Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Ол 2019 жылы Қазақстан астанасында өткен әлем чемпионатында үшін орын алған. Бұдан бөлек, Қайсановта Азияның екі дүркін чемпионы, Азия ойындараның күміс жүлдегері деген атақ бар.
Токио олимпиадасына еркін күрестен Қазақстан атынан бес балуан қатысты. Кеше, 5 тамызда 57 келіде күрескен Нұрислам Санаев қола жүлде еншіледі. Ал Юсуп Батырмурзаев (125 келі) алғашқы айналымда германиялық Геннадий Чудиновичтан жеңіліп, жүлдесіз қалды. Дәулет Ниязбеков (74 келі) пен Әлішер Ерғали (97 келі) ширек финалда жеңілді. Ниязбеков есе жіберген Әзірбайжан балуаны Гаджи Алиев финалға шықты. Енді қазақстандық балуан қола жүлдеге таласу үшін жұбаныш белдесуінде жеңіске жетуі керек. Оның қарсыласы - сенагалдық Адама Диатта. Ниязбеков Сенагал балуанын жеңсе, үшінші орынға Баджранг Пуниямен (Үндістан) таласады.
Токио олимпиадасында Қазақстан құрамасының еншісінде 7 медаль бар. Оның барлығы да. Жүлде алған спортшылар: дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон, боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, каратэші Дархан Асаділов, және еркін күрес балуаны Нұрислам Санаев.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді