UN News ресми сайты БҰҰ қызметкерлерінің COVID-19 салдарынан қашықтықтан жұмыс істеуге көшкенін хабарлады.
Хабарламада: «БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш 16 наурыз – 12 сәуір аралығында барлық қызметкерлер үйден жұмыс істейтіні туралы шешім қабылдады. Қажеттілік туындаған жағдайда, мерім ұзартылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқаулықтарын барынша сақтап, вирустың таралуын бәсеңдету маңызды», — делінген. Сонымен қатар ақпаратта нақты нұсқаулықтарға жүгіну керектігі айтылған.
ДДСҰ әлемдік пандемия деп жариялаған коронавирус дерті 133 елге тарап үлгерген. 175 мыңнан астам адам вирус жұқтырып, 6717 адам қайтыс болған. Қазақстанда вирус дерегі анықталған 13 адам ем қабылдап жатыр.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы