АҚШ пен «Талибан» қозғалысы Катарда бейбіт келісімге қол қойды.
Құжат ержелеріне сәйкес, Америка 135 күн ішінде ауған жеріндегі 5 әскери базасынан өз жауынгерлерін әкетуі тиіс. Сонымен қатар, келісімде көрсетілгендей, тараптар тұтқындармен алмаспақ. 10 наурызға дейін АҚШ пен Ауғанстан 5 мың тұтқынды босатса, тәліптер мың адамды түрмеден шығару тиіс. мамандардың айтуынша, бұл құжат Ауғанстандағы ұзақ жылдар бойы жалғасып келген соғыстың аяқталуына алғашқы қадам.
Бұған дейін АҚШ президенті Трамп: «Егер атысты тоқтату бір аптаға жетпейтін уақытта жүзеге асса, әрине, мен өз атымды келісім парағына жазамын. Үйге қайтатын кез келді. Менің ойымша, олар (тәліптер) келісімге келгісі келеді, олар күресуден шаршады», – деген. Ал АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер Америка әскері Ауғанстаннан толық шегінеді дегенді жоққа шығарған, тек әскер саны қысқаруы мүмкін деп мәлімдеген болатын.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді