Ауғанстан үкіметі мен «Талибан» Катар астанасы Дохада кезекті мәрте бас қосты. Бірақ тараптар ортақ келісімге келе алмады.
Кездесуде қандай мәселелер талқыланғаны әлі белгісіз. Дегенмен тараптар екі күннен кейін қайта кездесу ұйымдастырмақ.
Ауғанстанда АҚШ пен оның одақтастары әскерін шығаратыны туралы мәлімдеген соң тәліптер бас көтеріп, үкіметке шабуылы күшейді. Біріккен ұлттар ұйымының хабарлауынша, қарулы топтар елдің көп бөлігін бақылауына алған. Салдарынан тәліптердің зорлық зомбылығынан қорқып баспаналарын тастап қашқан тұрғындар саны көбейген.
8 шілдеде «Талибан» қозғалысының өкілдері Мәскеуде өткізген баспасөз мәслихаты кезінде Ауғанстанның 85% аумағын бақылауға алдық деп мәлімдеген. Бұл делегация ауған-тәжік шекарасына шабуыл жасамаймыз деп уәде берген.
Сарапшылар әскери қимылдардан 3 жарым миллионнан аса адам босқынға айналғанын айтады.


















ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?