Иран Қытайға ұшатын жолаушылар рейстерін тоқтатты. Бұл туралы Иранның Азаматтық авиация ұйымы хабарлады.
31 қаңтарда Иран мен Қытай арасындағы тікелей рейстер коронавирустың таралуына байланысты уақытша тоқтатылды. Авиация таратқан ресми мәлімдемеде: «Қытайға ұшатын жолаушылар рейстері тоқтатылды, бірақ жүк рейстері коронавирустың таралуын болдырмау үшін Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында болады», – делінген.
Бұған дейін ирандық Кумда короноавирустан екі адам қайтыс болып, бес адам ауру жұқтырған. Сол себепті Кум қаласының әкімдігі сол шаһардағы мектептер мен университеттерді жабу туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, ошағы Қытайдан басталып әлемге тараған қатерлі коронавирус індетінен 2010 кісі көз жұмып, 75,1 мың адам жұқтырған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының аталған індеттің адам мен экономикаға залалы орасан деген мәлімдемесінен кейін, бірқатар мемлекеттер Қытайдағы азаматтарын эвакуациялады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел