Гренландия – коронавирусты ешбір өлім-жітімсіз жеңген алғашқы мемлекет. Бұл туралы High North News мәлімдеді.
4 сәуірден бастап Гренландияда коронавирус жұқтырған бірде-бір жағдай тіркелмеген. Ал бұған дейін COVID-19 жұқтырған 11 адам індеттен толық айығып шыққан. Осы уақытқа дейін елде 900 адам тестілеуден өткен, себебі 16 наурызда вирус жұқтырған алғашқы адам анықталды.
Ел премьер-министрі Ким Кильсен жаңа жағдайлар тіркелмесе, жуық арада ел астанасы Нуукты ашу туралы шешім қабылдамақ.
Гренландия — соңғы үш ғасырда Данияға тиеселі, өзінің үкіметі мен парламенті бар автономия. Жергілікті тұрғындар тәуелсіздік далап етуде, соңғы жылдары олар тек өзін өзі басқару құқығына ғана ие болды.
Айта кетейік, әлем бойынша қауіпті дертке шалдыққандар саны 2 миллионнан асып кетті. Қайтыс болғандар саны — 134 669 адам.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні