АҚШ әкімшілігінде коронавирустың Ухандағы зертханадан тарағаны туралы деректер бар. Мұндай мәлімдемені ABC телеарнасында АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео жасады.
Дәлеліңіз бар ма деген сұраққа АҚШ сыртқы істер департаментінің бастығы: «Вирустың сол жерден тарағаны жайлы дәлелдер бар. Біз бұған дейін де Қытай вирусы екенін бірнеше мәрте айтқан болатынбыз», — деп жауап берді.
АҚШ мемлекеттік хатшысы кезекті мәрте Қытай билігі коронавирустың таралуы туралы кейбір ақпаратты жасырып отырғанын айтты. Помпео: «Қытай бұрын да әлемге вирус таратқан. Оларда арнайы стандарттарға сәйкес келмейтін зертханалар бар. Биыл шыққан коронавирус Қытай зертханасында жіберілген қателік салдарынан пайда болған бірінші дерт емес. Қазіргі уақытта зияткерлік қоғамдастық жұмыс істеп жатыр. Зерттеулерді жалғастырамыз», — дейді.
Бұл мәселеде Қытай тарапының ұстаным басқа. Қытай Сыртқы істер министрінің орынбасары Ле Ючэнь 29 сәуірде NBC тілшілеріне берген сұхбатында коронавирусқа байланысты Бейжіңнен өтемақы алап ету талап күлкілі және «саяси фарс» деген. Дипломаттың ойынша, «кейбір саясаткерлер вирусты айту арқылы Қытайды қорлап отыр».


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі