Кеше, 19 ақпан Түркістан облыстық мамандандырылған ауданаралық соты өңірлік полиция департаментінің экс-қызметкері, полиция капитаны Сәкен Сейітжапаровты «бала зорлады» деген айыппен 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Сот ұсынған ақпаратқа қарағанда, айыпталушы 1997 жылғы Қылмыстық кодекстің «Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері» және «Қорқыту» бабымен кінәлі деп танылған.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, сот үкімімен Сейітжапаровтан полиция капитаны атағы алынған. Үкім әлі күшіне енбеді, айыпталушының апелляциялық шағым түсіруге құқығы бар.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, сотталушы 2013 жылы Сарыағаш ауданында ішімдік ішіп, мас күйінде кәмелет жасқа толмаған баланың дәрменсіз күйін пайдаланып, сексуалдық сипаттағы әрекет жасап, бұл әрекетін бейнетаспаға түсірген. «Сотталушы бейнетаспаны интернетке салатынын айтып, кәмелетке толмаған баланы бір жылда бірнеше рет зорлаған, ақша алған» деп хабарлады сот.
Жәбірленушінің адвокаты Айман Омарова Facebook желісіндегі жеке парағында іске қатысты пікір білдіріп, прокурор айыпталушыны 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағанын айтты.
«Өйткені ол 16 жасар баланы жүйелі түрде зорлаған. Ол баланың өмірін талқандады» деді Омарова Facebook парағындағы эфирде.
Жабық өткен сотқа дейін іс бірнеше жыл тергелген деседі.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді