Өзбекстан қауіпсіздік қызметінің экс-басшысы 18 жылға сотталды.

Қыркүйек айының 27-і күні Өзбекстан әскери соты Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Ихтиер Абдуллаевты 18 жылға бас бостандығынан айырды. Оған "қылмыстық топ құрды", "пара алды", "Өзбекстанның мүддесіне қайшы келісім жасады", "бопсалады", "бөтеннің мүлкін жымқырды", "кеден заңнамасын бұзды", "қызметтік өкілетін асыра пайдаланды" және өзге де айыптар тағылған.

Абдуллаевтан бөлек, 20-дан астам экс-шенеунікке үкім шықты. Олардың ішінде Бас прокурордың бұрынғы орынбасары Гайрат Хидоятов 5 жылға, Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары Жахонгир Игамов 16 жылға, Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі төрағасының кеңесшісі Әлішер Ишанходжаев 17 жылға, Ташкент қаласы прокурорының бұрынғы орынбасары Ёркин Абдуллаев 14 жылға,  Әділет министрлігінің кадрлармен жұмыс басқармасы төрағасының бұрынғы орынбасары Ёркин Абдуллаев 8 жылға сотталды.

Ақпан айында БАҚ беттерінде Ихтиер Абдуллаев денсаулығына байланысты қызметінен кетті деген ақпарат тараған. Кейіннен оның орнына бұрынғы қорғаныс мирнистрі Абдусалом Азизов тағайындалған.

"The Qazaq Times"