Шетелдегі қандастарға «Қазақ картасы» деген құжат берілуі мүмкін. Кеше елордада өткен «Отандастар қоры» КЕАҚ-ның талқы отырысында осындай ұсыныстар жасалды. «Отандастар қоры» аталған құжатты шетелдегі Қазақстан елшіліктері арқылы беруді ұсынып отыр.
«Қазақ картасы» және өзге де қандастар мәселесіне қатысты бірқатар заң жобалары, кеше ел астанасында «Отандастар қоры» КЕАҚ жанынан тұрақты жұмыс істейтін кеңесші алқа ретінде құрылған Қоғамдық Комиссияның отырысында талқыланған.
«Отандастар қоры» баспасөз қызметінің хабарлауынша, талқы отырысында елге оралған қандастардың құжаттарын реттейтін қазақстандық заңнама жүйесі және шетелдегі қазақтарды мемлекеттік қолдау жөніндегі заң жобасы талқыға салынған. Сондай-ақ, ҚР ІІМ Көші-қон қызметінің құзіретіндегі қызмет көрсетуді оңтайландыру мәселелері қарастырылған.
Айта кетейік, «Отандастар қоры» Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесе отырып шетелдегі қазақтарды қолдау және ерікті қоныс аудару мәселелерін реттеуге бағытталған заң жобасын әзірлеу үстінде.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?