Иран Еуропаға 5-ші қыркүйекке дейін уақыт берді.
Теһран егер Еуропа елдері қандай да бір шешім қабылдамаса, қыркүйек айының 5-і күні ядролық келісімдегі бірқатар міндеттемелерден бас тартуы мүмкін. Бұл жөнінде Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф мәлімдеді.
«Егер еуропалықтар бейсембіге дейін қандай да бір шешімге келмейтін болса, онда біз ядролық келісімдегі міндеттемелерді орындамаудың үшінші кезеңіне көшеміз» - деді Зариф.
Әзірге Теһранның 5-ші қыркүйек күні қандай қадамдарға баратыны белгісіз. Зарифтың сөзінше, егер келісімнің өзге мүшелері Иранды қорғаудан бас тартатын болса, онда Теһран келісімнен толықтай шығады.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды