«Талибан» қозғалысы Тәжікстанмен шекаралас аудандардың бірін басып алды.
Тамыз айының 30-ы күні Ауғанстанның Тәжікстанмен шекаралас Тахар ауданы «Талибан» қозғалысының бақылауына өтті. Ауғанстан қауіпсіздік күштерінің мәліметінше, Чах-Аб елді мекені үшін күрес таңнан бері жалғасуда. Бірақ «Талибан» қозғалысы полиция, әкімшілік және жергілікті қауіпсіздік қызметі ғимараттарын басып алған.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Чах-Абадан бөлек Тәжікстанмен шектесетін Янги-Кала, Рустак, Даргад елді мекендерінде де соғыс жүруде. Тахар ауданында ұрыс Ауғанстан билігі көршілес Бадахшан ауданында «Талибан» қозғалысына қарсы әскери операция жүргізетінін мәлімдегеннен кейін басталған.


















Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?