Ресейлік заңгер ел президенті Владимир Путиннің үстінен арыз жазды.
Владивосток қаласының тұрғыны Максим Чихунов Севастополь қаласының жол полициясына Владимир Путинді әкімшілік жауапкершілікке тартуды сұрап, арыз жазды. Ол Путиннің мотоциклді арнайы бас киімсіз айдағаны күшін жазалауды талап етуде. Чихуновтың сөзінше, ол президенттің мотоциклмен бірнеше адамнан құралған көлік калоннасын бастап келе жатқаны бейнеленген фотосуретті ғаламтордан көрген.
Тамыз айының 10-ы күні Владимир Путин Кремль саясатын қолдайтын «Түнгі қасқырлар» байк-шоуының қонағы болып, аннексияланған Севастополь қаласын «Орал» мотоциклмен аралаған. Онымен бірге Севастополь мэрының міндетін атқарушы Михаил Развожаев пен Қырым басшысы Сергей Аксенов болған.
Украина сыртқы істер министрлігі Путиннің Севастопольға сапарын «Украинаның тұтастығы мен тәуелсіздігіне қол сұғу» деп бағалап, қатаң сынға алды.
Бұған дейін Архангельск облыстық соты Георгий Миняевқа «Владимир Путинді қауіпсіздік белдігін тақпай КамАЗ айдағанын сынағаны» үшін 15 мың рубль айыппұл салған. Сот Миняев пікірін «билікке тіл тигізу» деп бағалаған. Ол кезде Путин КамАЗ-бен Қырым көпірінің үстінен жүріп өткен.