Жапония ұшатын автокөлікті сынақтан өткізді.

NEC корпорациясы жүргізушісіз ұшатын автокөлікті сынақтан өткізді. «Bloomberg» басылымының мәліметінше, сынақ Токио қаласының жанында орналасқан полигон алаңдарының бірінде өткен. Сынақ кезінде көлек салонында адам болмаған.

Жоба жетекшілерінің бірі Куджи Окаданың сөзінше, болашақта ұшатын көліктер Жапонияда үлкен сұранысқа ие болады. Себебі халық тығыз орналасқан аймақтарда қазірдің өзінде көлікпен қатынау өте қиын.

«Қалаларда адам санының көп болуына байланысты көлікпен жүру өте қиын. Ұшатын автокөліктер жол қатынастарын жеңілдетеді деп ойлаймын» - деді Окада.

Қазіргі уақытта NEC корпорациясы ұшатын көліктерден бөлек, адам тасымалдайтын дрондардың инфроқұрылымын жасаумен де айналысады. Әзірге ұшатын көліктердің қашан пайдалануға берілетіні белгісіз.

"The Qazaq Times"