Ресейдің Красноярск өңірінде әскери қойма жарылды.
ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қоймадағы жарылыстан 8 адам зардап шеккен. Жарақат алғандардың барлығы Ачинск аудандық ауруханасына жеткізілген.
Аймақ губернаторы Александр Усстің айтуынша, ауданға Қорғаныс минстрлігінің арнайы мамандары келе жатыр. Усс Ачинск қаласы да "әжептәуір зардап шеккенін" мәлімдеді.
ТАСС мәліметі бойынша, қоймадағы екі алаң өртеніп жатыр, олардың әрқайсысында шамамен 40 мың артиллерия снаряды бар.
Қойма Ачинск қаласынан 10 шақырым жердегі Каменка ауылында орналасқан. "Интерфакс" агенттігінің дереккөзге сүйеніп хабарлауынша, Каменка ғана емес, әскери бөлімнен 20 шақырым радиустағы басқа да елді мекендердің тұрғындары көшірілген. Шамамен 1 мың адам үйлерін тастап, өз күштерімен қауіпсіз аймақтарға қоныс аударған.
Естеріңізге салайық, осыдан бір ай бұрын Қазақстанда да дәл осындай жағдай орын алған. Түркістан облысына қарасты Арыс қаласында оқ-дәрі қоймасы жарылып, салдарынан 45 мың адам үйлерін тастап, көшуге мәжбүр болған.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?