АҚШ Моңғолиямен стратегиялық әріптестік орнатқан бесінші ел.
Моңғолия президенті Халтмагийн Баттулга Уашингтонға жасаған сапарында екі ел арасындағы қарым-қатынас жөнінде мәлімдеме жасады.
«Президент Дональд Трамп екеуміз кездесіп, пікір алмастық. Келіссөздің басты тақырыптарының бірі Моңғолия мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық әріптестікті одан ары дамыту болды. Ұлан-Батыр Уашингтонды өзінің сауда-экономикалық әріптесі және инвесторы деп бағалайды. АҚШ Моңғолиямен стратегиялық әріптестік орнатқан бесінші ел» - деді Баттулга.
Моңғолия президенті АҚШ-қа шілде айының 29-ы мен тамыз айының 3-і күні аралығында ресми іссапармен барған. Онда ол Ақ үй басшысы Дональд Трамппен жеке және кеңейтілген форматта кездесулер өткізіп, заң шығарушы орган өкілдерімен Моңғолияның үшінші елдермен сауда-саттық жасауына байланысты заң жобасын талқылаған.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?