Ресей күш көрсетіп сөйлеуге ешкімге жол бермейді.
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков «Алыс және қысқа қашықтықтағы зымыран келісіміне» қатысты мәлімдеме жасады.
«Қысым, қоқанлоқы, күш көрсету бізбен келісімге келетін тәсіл емес. Біз ешкімге бізбен бұлай сөйлесуге жол бермейміз. Мәскеу НАТО-ның «Еуропа аумағында ядролық зымырандар орналастырмау» туралы мәлімдемесін қабылдамайды. Себебі альянс бұған дейін өзі қабылдаған шешімдерін бірнеше мәрте бұзды. Жаңадан қалыптасқан жағдайда бұндай уәделерді қабылдаудың қажеті жоқ» - деді Рябков ТАСС ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.
Бұған дейін НАТО басшысы Йенс Столенберг «Альянс алыс және қысқа қашықтықтағы зымыран келісімінсіз ақ» бейбіт қарым-қатынас орнатуға дайын. НАТО-ның Еуропа аумағында жаңа ядролық зымыран кешендерін орналастыру жоспарында жоқ» - деп мәлімдеген.
Тамыз айының 2-і күні Ресей, АҚШ және НАТО елдері арасындағы зымыран келісімі өз күшін жойды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?