Аты шулы Усама бен Ладеннің ұлы қайтыс болды.

АҚШ-тың «NBC» телеарнасы «Әл-Қаида» террорлық ұйымының негізін қалаушы Усама бен Ладеннің ұлы Хамза бен Ладеннің көз жұмғандығын хабарлады.  Телеарна мәліметінше, Хамза бен Ладен АҚШ әскерилері жүргізген арнайы операция кезінде мерт болған. Бірақ АҚШ билік органдары «Әл-Қаида» лидерінің өлімін растайтын ешқандай құжаттар жарияламады.

Бұған дейін АҚШ Хамза бен Ладенге қатысты ақпарат берген адамға 1 миллион доллар сыйақы беретіндігін айтып, мәлімдеме таратқан. Бұдан бөлек оған қарсы санкция салған.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметінше, Хамза бен Ладен 2015 жылдан бері «Әл-Қаида» террорлық ұйымының қатарында. Ол сол уақыттан бері жақтастарын батыс елдері мен АҚШ-қа қарсы лаңкестік шабуылдар жасауға шақырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

"The Qazaq Times"