Трамп АҚШ әскерін Ауғанстаннан 2020 жылы шығаратын болды.
Шілде айының 29-ы күні АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Уашингтонда өткен экономикалық клуб отырысында Ауғанстанға байланысты мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, Дональд Трамп АҚШ әскерін Ауғанстаннан 2020 жылы өтетін президент сайлауына дейін шығарады.
«Дональд Трамп ұзақ жылғы соғысты аяқтауға ниетті екендігін нақты көрсетті. Біз Талибан қозғалысымен келіссөздер жүргізуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. 2020 жылдың қыркүйегінде 18 жылға созылған соғысты аяқтаймыз деп үміттенемін» - деді Помпео.
АҚШ әскері Ауғанстанға 2001 жылы кіргізілген. Қазіргі таңда олардың саны 14 мың. 2018 жылдың шілде айынан бері Уашингтон Ауғанстанда бейбітшілік орнатуға байланысты Талибан қозғалысымен келіссөздер жүргізуде.
Бұған дейін Дональд Трамп «егер АҚШ қаласа, Ауғанстанды он күнде жер бетінен жойып жібереді» деп мәлімдеген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?