Алматы қаласында полиция Орталық стадион мен Балуан Шолақ атындағы спорт кешені маңында жиналған жұртшылықты және жүргіншілерді ұстауда.
Алматыдағы Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысы маңында полиция қызметкерлері сол маңға топтасқан адамдарды және жүргіншілерді ұстап, полиция көліктеріне отырғызып жатыр.

Тілшілеріміздің хабарлауынша, қазірге дейін полиция шамамен 20-дан астам адамды ұстаған. Полиция қызметкерлері азаматтардың жеке құжаттарының толық болуына қарамастан арнайы көліктерге күштеп отырғызған.


Сол маңда топтасқан жүргіншілер полицияның бұл әрекетіне наразылықтарын білдіріп, азаматтарды ұстауды тоқтатуын талап етіп жатқаны байқалады.
Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда тиым салынған «ҚДТ» қозғалысының жетекшісі 6 шілде күні азаматтарды наразылық шарасын өткізуге шақырған болатын. Жиналған топтың арасында "КДТ" қозғалысының ұранын көтерген азаматтар да бар.


Алматы көшелеріндегі жағдай. Фотолар: QT.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы