Сауда-саттық қорытындысы бойынша Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында мұнай бағасы қымбаттады.
Мәліметтер бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында қыркүйекте жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,04 долларға көтеріліп, баррелі 63,86 долларға жеткен. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) тамыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 1,09 долларға көтеріліп, бір баррелі 57,34 доллар болды.
2017 жылы Қазақстан мұнайының орташа бағасы тоннасына 44 мың теңгеге жетіп, 13,6%-ға артқан болатын. Осылайша, жыл сайын отандық қара алтын бағасы қымбаттап келеді. Қазақстан экономикасы мұнай нарығына тәуелді болғандықтан, шикізат бағасының арзандап немесе қымбаттауы маңызды. Себебі ел билігі әзірге экономиканы қуаттандыратын бұдан басқа салаға бет бұра алмай отыр.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі