Нарықта мұнай бағасы арзандады. Brent маркалы мұнай бағасы тоқсаныншы жылдардан бері құлдырап көрмеген деңгейге бір-ақ түсті. Нарық күйзеліп, теңге теңселді.
Өткен дүйсенбіде әлем дүрлікті: осы ай басында ғана әр баррель-бөшкесі 52 доллардан саудаланған «қара алтын» құны 9 наурызда 33,94 долларға дейін құлдырады. Барлық дүниежүзілік биржалар терең құрдымнан бір-ақ шықты.
Ұлттық банк баға тұрақтылығын қолдап, теңгенің құнын қорғау мақсатында базалық ставканы және пайыздық дәлізді жылдық 12%-ға дейін арттыру туралы шешім қабылдады. Теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамы режимін ұстанады, алайда қандай да бір күтпеген өзгерістер болса, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін валюталық интервенция жүргізіледі.
Ұлттық банк бұған дейін де интервенция жасағаны есімізде. Мәселені шешудің басқа тетігін қарастырмай, интервенцияға иек арту шарасыздықты білдірсе керек.


















10 КҮНДЕ НЕ ӨЗГЕРДІ? Покровск маңындағы қасап, дрон соғысы және жаңа Бас қолбасшының тактикасы
Алмасбек Садырбай ісі: Протоколдағы «күмәнді» кол қоюлар, Павлодардағы жоқ шығын және тоқтатылған беттесулер
Майдан шебіндегі бетбұрыс: Киевтің «технократиялық төңкерісі» және соғыстың жаңа доктринасы
Ресейге қысым: «Патриот» жүйесі мен Трамптың Зеленскийге мақтауы нені аңғартады?
Субсидия дауы: 27-томдағы жұмбақ. Алмасбек Садырбайдың денсаулығы сыр берді
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар