Франция, Германия және Ұлыбритания Иранмен INSTEX қаржылық есеп айырысу механизмін іске қосты.
Politico басылымының мәліметінше, аталған механизммен бірнеше жоспарлар сәтті жүзеге асқан. Олардың қатарында қаржылық айналым, кәсіптік байланыс, тауар алмасу бар. алдағы күндері Еуропаның басқа елдері де осы жүйеге қосылмақ. Осыған байланысты экономикалық сарапшы Хамидреза Таэмасби: «АҚШ пен Иранның келіспеушілігі енді жойылатын секілді. Біз солай деп үміттеніп отырмыз. Уашингтонға бұл санкциялардың ешкімге қажет еместігін аңғарттық. Оның жақын одақтастары ресми Париж, Берлин және Лондон осыны түсінді. Біреулер бұл жайтты жаппай «долларсызданудың» қадамы деп ойлар. Мейлі, солай-ақ болсын. Себебі, біздің бизнеске ол кері әсер етеді. Келісімдеріміз жойылып жатса, оған осындай жауап қайтаруымыз заңдылық», – дейді.
Еуропа INSTEX механизміне біраз жыл дайындалды. Оны басқарушы ретінде германиялық маман тағайындалды. Жаңа жүйенің кеңсесі Парижде орналасады деп шешілсе, британиялықтар бақылаушы кеңеске жетекшілік етпек.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі