Түркия, АҚШ және Ресей арасындағы S-400 әуе қорғаныс жүйесіне қатысты мәселе «Үлкен жиырмалық» саммитінде шешім табуы мүмкін. Мұндай мәлімдемені НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг жасаған.
НАТО бас хатшысы Бельгия астанасы Брюссельде өткен НАТО мәжілісінен кейін баспасөз жиынын өткізді. Столтенбергтің айтуынша, НАТО Ауғанстан қорғаныс күштерін қаржылай қолдауын 2024 жылға дейін жалғастыра береді. Сондай-ақ, НАТО террорлық топтардың Ауғанстанда күш біріктіруіне жол бермеу үшін әскери операцияларды қамтыған қауіпсіздік шаралары да жасалмақ.
Йенс Столтонберг мәлімдемесінде Түркияның ресейлік қорғаныс жүйесін сатып алу мәселесіне де жауап бере кеткен. Оның айтуынша кезекті қорғаныс министрлер бас қосуында Түркияның S-400 зымыран жүйесін сатып алуы ресми тақырыпта талқыланбады. Алайда, НАТО мен Түркия қорғаныс өкілдері арасындағы жекелеген кездесулерде пікір алмасқан. Кезекті «Үлкен жиырмалық саммитінде Түркия мен АҚШ президенттері арасындағы кездесуде бұл мәселе шешім табуы мүмкін екенін білдірді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес