АҚШ-тың екі сарбазы Ауғанстанда қаза тапты. Бұл туралы Aljazeera басылымы хабарлады.
Ресейлік mnews.world порталы сарбаздар қасақана өлтірілуі мүмкін дейді. НАТО басқаратын миссияның мәлімдеуінше, Ауғанстанда сарбаздардың қайтыс болуына қатысты ешқандай мәліметтер айтылмаған. АҚШ әскерилері қос сарбаздың отбасылары бұл жайтпен хабардар болғанға дейін, аты-жөндері ресми жарияланбайды деді.
Сарбаздар осы аптада АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Кабулда Ауғанстан президенті Ашраф Ганимен кездесу өткізгеннен кейін келесі күні қаза тапқан. Помпео бұл сапарында аймақтағы атышулы Талибан лаңкестік ұйымының өкілдерімен бейбіт келіссөз жүргізу және осы жылдың қыркүйегінде өтетін президенттік сайлау алдында өңірдегі қауіпсіздік мәселесін талқылаған. Сонымен қатар, Помпео Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзаймен бірге басқа да жоғары лауазымды саясаткерлермен бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін сөз етті.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі