Израиль Дональд Трампқа қала атын берді.
16 маусым күні Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху болашақта қала салынады деп жоспарланған аймақты "Трамп шыңдары" деп атап, шаһардың ірге тасын қалау салтанатына қатысты.
Жаңа қала Израиль басып алған Голан шыңдарында орналаспақ. Бұл аумақты 2019 жылдың басында АҚШ президенті Дональд Трамп Израильдің жері ретінде ресми мойындаған. "Трамп шыңдары" –израиль-америка қарым-қатынасының жандануының тағы бір кезеңі" - деп атап өтті "The Washington Post" басылымы.
Голан шыңдары қазіргі Ливан, Сүрия, Иордания және Израиль шекаралық аумағында орналасқан.
1981 жылы Израиль Кнессеті «Голан шыңдары туралы заңды» қабылдады, осы заң бойынша Израиль бұл аймақтың үстінен біржақты суверенитет жариялады. Бірақ Сүрия да бұл аймақты өзімнің жерім деп есептейді.