Алматыда "әл-Фараби-өркениет ойшылы" деректі фильмінің көрсетілімі болды.
Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің кинотеатрында "әл-Фараби-өркениет ойшылы" деректі фильмінің көрсетілімі болды. Оған университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, Әбсаттар қажы Дербісәлі сынды фарабитанушы ғалымдар мен мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

Фильм үш бөлімнен тұрады, онда әл-Фарабидің өмірі жөнінде айтылған. Деректі фильм Қазақстаннан бөлек Түркия елінің TRT телеарнасынан көрсетіледі. Бұған дейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті голландиялықтармен бірігіп "әл-Фараби-Екінші ұстаз" деректі фильмін түсірген. Қазіргі уақытта үшінші деректі фильм Қазақстан, Түркия және Мысыр аумағында түсіріліп біткен. Болашақта Иордания мен Сүрия аумағында түсірілім жұмыстары басталмақ.
"The Qazaq Times"


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?