Францияда Еуропарламент сайлауында Ле Пен партиясы алда келеді.
Мамыр айының 26-ы күні "Elabe" компаниясы жүргізген exit poll қорытындысы бойынша, Марин Ле Пен басқаратын "Ұлттық бірлестік" партиясы көш бастап келеді. Халықтың 52 пайызы қатысқан сайлауда, Ле Пен партиясы 23,6 пайыз дауыс алған.
Президент Эммануэль Макронның "Марштағы Республика" партиясы 22,4 пайызбен екінші орында келеді. Үшінші орынға ешкім күтпеген солшыл-радикалдық "Еуропа-экология-жасылдар" партиясы орналасты. Олар сайлаушылардың 12,9 пайыз дауысын алған. Төртінші және бесінші орындарда республикалықтар мен социалистер партиялары. Олар өз кезегінде сайлаушылардың 8,4 және 6,3% дауыстарын алған. Қалған партиялар Еуропарламентке баруға мүмкіндік беретін 5 пайыздық межеден аса алмаған.
Естеріңізге салайық, Еуроодақ елдерінде мамыр айының 23-і мен 26-ы күндері аралығында Парламент сайлауы өткен. Сайлауға ЕО халқының 50% қатысқан. Бұл соңғы 20 жылда болмаған көрсеткіш.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?