Жармахан Тұяқбай ЖСДП партиясының төрағалығынан кетіп, оның орнына Ермұрат Бапи сайланды.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Алматы қаласында өткен құрылтайында Жармахан Тұяқбай партия төрағалығынан кететінін айтты. Ол өз сөзінде осынша уақыт бойы өзімен бірге жұмыс істеген әріптестеріне алғыс айтып, болашақта елдің демократиялық бағытта дамуы үшін күрес жалғаса беретінін жеткізді.
Партияның жаңа төрағасы болып қоғам қайраткері, "Дат" газетінің бас оқырманы Ермұрат Бапи сайланды.
Бұған дейін партия атауын "Ақиқат" деп өзгерту жөнінде ұсыныс жасалып, оны партия мүшелері бір ауыздан қолдаған.
Жармахан Тұяқбай ЖСДП партиясын 12 жыл басқарды. Осы уақыт аралығында ол партия атынан президент және парламент сайлауларына қатысты.
"The Qazaq Times"


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?