Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы президент сайлауына байкот жариялады.
Бүгін Алматы қаласында ЖСДП партиясының құрылтайы өтті. Құрылтайға партия төрағасы Жармахан Тұяқбай бастаған облыстардағы бөлімше басшылары қатысты. Бас қосуда партия мүшелері алда келе жатқан президент сайлауына қоғам қайраткері, журналист Ермұрат Бапидің кандидатурасын ұсынуды қолдады. Бірақ сьезге қатысушылар "президент сайлауының бұрынғы сайлаулардан айырмашылығы жоқ" екендігін айтып, "сайлауға байкот жариялау қажет" екендігін алға тартты.
Өз кезегінде Ермұрат Бапидің өзі де дәл мынадай сайлауға қатысуға құлықсыз екендігін жеткізді. Оның сөзінше, 9 маусымда өтетін президент сайлауына кезекті рет биліктің қуыршақ кандидаттары қатысады.
Бұған дейін БАҚ беттерінде "ЖСДП партиясы президент сайлауына кандидат ретінде Ермұрат Бапиді ұсынбақ" деген ақпарат тараған. Кейіннен партия мүшелері өздерінің сайлауға қатысу, қатыспауға байланысты шешімдерін құрылтайда шешетінін айтқан.
"The Qazaq Times"


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды