Кремль Ресей президенті Владимир Путин мен Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Унның кездесуіне дайындалуда.
Сәуір айының 17-і күні Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Владимир Путин мен Ким Жоң Унның кездесуіне байланысты журналистер сұрағына жауап берді.
«Кездесуге қарқынды дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Ол кез келген жерде, кез келген уақытта өтуі мүмкін. Кездесу уақытын дәл қазір айта алмаймын» - деп мәлімдеді Ушаков.
Бұған дейін БАҚ беттерінде «Владимир Путин мен Ким Жоң Унның кездесуі келесі аптада Владивостокта өтуі мүмкін» деген ақпараттар тараған. Ресми Мәскеу Солтүстік Корея басшысына кездесуге шақыртуды 2018 жылдың мамырында берген. Екі ел басшылары соңғы рет 2011 жылы кездескен. Сол кездегі Ресей президенті Дмитрий Медведев сол уақыттағы Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ирды Бурятия қабылдаған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?