Қазақстан мен Беларусь Қырым тауарларын сатып алудан бас тартуда.
Ресей сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Сергей Катырин Қазақстан мен Беларуське қатысты мәлімдеме жасады.
«Қырым кәсіпорындарына өз өнімдерін экспортқа шығару қиынға соғуда. Тұрақсыз геосаяси жағдайларға байланысты көптеген елдер «Қырымда жасалған» маркасымен шыққан өнімдерді сатып алуға құлықсыз. Оның ішінде Қазақстан мен Беларусь аталмыш өнімдерді сатып алудан бас тартуда» - деді Катырин РИА Новости басылымына берген сұхбатында.
Қазақстан мен Беларусь осы уақытқа дейін Ресейдің Қырымды аннексиялауын мойындаған жоқ. Бұған дейін Кремльге жақын Ресейдің бірқатар Федералды телеарналары Қазақстан мен Беларусьтың бұл әрекеттерін қатаң сынап, ресми Ақ орда мен Минскіге түрлі ақпараттық шабуылдар жасаған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?