Иран СІМ басшысы Мұхаммед Жевад Зариф Сүрия президенті Башар Асадпен Дамаск қаласында кездесті. Зарифтың кезекті сапары Башар Асадтың шақыруымен жасалған.
Иран сыртқы істер министрі әуежайда журналистердің сұрағына жауап беріп, кезекті Сүрия сапарының мақсатын түсіндірген. Ол Иран-Сүрия арасындағы бұған дейін жасалған келісімдерді жүзеге асыру үшін және аймақтық, халықаралық мәселелерді ортақ талқылау мақсатында Дамаск қаласына келгенін айтқан.
Зариф аталған тақырыпта Башар Асад және Сүрия сыртқы істер министрімен арнайы кездесу өткізеді. Сүриядан кейін Түркияның орталық қаласы Анкарада ресми сапарын жалғастырады.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау