Армения депутаттары Ресей телеарналарына шектеу қоюды талап етуде.
Армения парламентінің ғылым, білім, мәдениет, диаспора, жастар және спорт комиссиясының кезекті отырысында «Менің қадамым» блогының депутаты Нарине Тухикян ел аумағында тарайтын ресейлік «Мир», «Ресей» және «ОРТ» телеарналарына шектеу қою қажеттігін айтып ұсыныс жасады. Тухикянның сөзінше, аталмыш телеарналар антиармяндық бағыттағы дүниелерді насихаттауда.
Өз кезегінде Тухикянның бұл ұсынысына Армения телеарна және радио ұлттық комиссиясының төрағасы Тигран Акопян «бұл толықтай саяси мәселе» - деп жауап берді.
«Халықаралық (телеарналармен-ред) проблемелар бар. Біз бұған дайынбыз. Бұнда заңдық мәселелер де жетіп артылады. Бірақ бұның барлығы толықтай саяси мәселе. Бізге айтады: «қараңдар Украина, Грузия, Молдова шешім қабылдады» - деп. Десе де, біз бұл шешімнің бағасын түсінуіміз қажет» - деп мәлімдеді Акопян.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?