Қазақстан Қытайдан 113 миллиард теңге несие алатын болды.
Бүгін парламент сенатының жалпы отырысында депуттаттар Қытайдан қарыз алуға байланысты екі ел арасындағы келісімді ратификациялау жөніндегі заңды мақұлдады.
Қазақстан Қытайдан 113 миллиард теңге (2 миллиард юань) несиені 20 жылға 2 пайыз өсіммен алмақ. Аталмыш қаржы шекарадағы тоғыз көлік бекеті мен бір темір жол бекетін жаңарту мен техникалық жарақтандыруға жұмсалады деп жоспарлануда.
2019 жылдың қаңтар айындағы статистика бойынша, Қазақстанның сыртқы қарызы 158 млрд 800 млн АҚШ долларын құраған. Оның 63,5 пайызы фирма-аралық берешек, 25 пайызы кредиторлар алдындағы сыртқы қарыз, 7,8 пайызы мемлекеттің сыртқы берешегі. Қалған 3,6 пайызы үкімет пен банк секторының сыртқы міндеттемелеріне тиесілі қарыздар.