2017 жылы Қырғызстанда өткен президент сайлауында үміткер болған саясаткер Өмірбек Бабанов 9 сәуірде НТС телеарнасына сұхбат беріп, елден не үшін кеткенін түсіндірді.
«Мені қолдағандардың бәрін жұмыстан қуды, енді бірін милицияға шақырды. Мен Түркияда болғанымда, Руслан Қазақбаевпен (парламент депутаты) кездестім. Одан «мені қудаламас үшін не істеуім керек» - деп Атамбаев пен Жээнбековтан сұрауын өтіндім. Сол кезде маған бірнеше шарттар қойды: мен депутаттық мандатымды тапсырып, саясаттан кетуім керек және бір жыл бойы Қырғызстанға бармауым қажет болды», - деді Өмірбек Бабанов.
Бұдан бөлек Бабанов бұл келіссөздердің бір айға созылғанын, қазір сөзінде тұрып, шетелде жүргенін айтты.
«Бірақ маған қарсы қозғалған қылмыстық іс әлі тоқтатылған жоқ. Төрт сарапшы топ та сөйлеген сөздерімде қылмыстық құрам жоқ екенін айтып, қорытынды берді. Осыған байланысты Руслан Қазақбаевпен сөйлестім. Ол Сооронбай Шарипұлына (қырғыз президенті) барып айтқан. Ал ол «мен бәрін білемін, бірақ бұл мәселенің бәрін Алмазбек Шаршенұлымен шешіңдер деп айтыпты». Жағдай осылай болған», - деп мәлімдеді Өмірбек Бабанов.
2017 жылы Қырғызстанда өткен президент сайлауынан кейін Өмірбек Бабанов саяси мансабын аяқтайтынын айтып, елден кеткен. Оған қарсы Ош халықның алдында сөйлеген сөздерінен кейін, «ұлтараздық қоздырды» деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған.