Энергетика министрі Қайрат Бозымбаев Қазақстан аумағына атом электр станциясын салуға байланысты мәлімдеме жасады.
«Біздің қоғамда бұл тақырыптың қызу талқыланып жатқанын түсінеміз. Бұның басым көпшілігі Семей ядролық полигонымен байланысты. Бұл қиыншылықтың барлығы халық санасында сақталған. Егер шешім қабылданатын болса, заң бойынша халықтың талап-тілегі ескерілетін болады. Қоғамдық кеңестер ұйымдастырылады. Ал Владимир Владимирович Путиннің айтқаны Ресей тарапының ұсынысы ғана. Бұл мәселе үкімет пен мемлекет басшысының бақылауында болады» - деп мәлімдеді Бозымбаев.
Естеріңізге салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге жасаған іссапары кезінде Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстан аумағына атом электр станциясын салуды ұсынған. Кейіннен бұл қоғамда қызу талқыланып, көпшілік жұрт Путиннің ұсынысына қарсы шыққан.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?