Алжирдегі массалық халықтық ереуілден кейін 82 жастағы президент сәуірдегі президент сайлауына ұсынған кандидатурасын алып тастады. Президент Абделазиз Бутфликаның бесінші рет президент болуына қарсы халықтық ереуіл Алжир тарихында соңғы 20 жыл ішіндегі ең ауқымды демонстрация болды.
«Бесінші міндет болмайды. Менің денсаулығым мен жасым президентке үміткер болуға мүмкіндік бермейді. Менің Алжир халқы алдындағы соңғы міндетім – жаңа Республиканың іргетасын қалауға салым қосу», – деді Бутфлика кезекті мәлімдемесінде.
Өткен жұмадағы наразылық шеруін ұйымдастырушылар ереуілге 20 млн адам қатысқанын айтқан. Бұдан кейін жүздеген құқық қорғаушылар наразылық шеруін ұйымдастырып, Бутфликаның президент сайлауға қатысуына наразылығын білдірген. Ал, дүйсенбі күні мыңнан астам сот қызметкерлері наразылық көрсетті.
Бутфлика өткен ғасырдың орта шеніндегі Алжир тәуелсіздік күресі кезінде жас күрескер ретінде көзге түскен. Содан бері Алжир билігінің басы қасында. 1999 жылы президент болып сайланды. Бір жылдан кейін Алжирдің азаматтық соғысын тоқтатты. 1991 жылдан басталған азаматтық соғыста 150 мыңнан астам Алжир азаматы ажал құшқан болатын.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы