«Әзірет Сұлтан» мешітінің бесжылдық мерейтойына орай ертең "Алатау" спорт кешені спорттық ойындар сайысы өтеді. Мешіт ұстаздарының шәкірттерінен жасақталған 24 команда волейбол және футбол ойындары бойынша бақ сынасатын болады.
Айтулы додаға Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, ҚМДБ-ның төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай Ораз, ҚР Дін істері басқармасының басшысы Данияр Есин қатысатын болады.
Спорттық ойындар қос залда қатар жүргізілетін болады. Шараның басталуы уақыты 09.00-де. Шамамен 13.00-ге қарай сайыс толығымен қорытындыланып, марапаттау рәсімі өткізіледі. Жеңімпаздарға қомақты жүлде қоры қарастырылған.
Асыл дініміз күнделікті құлшылық-ғибадатпен қатар, салауатты өмір салтын ұстанып, жан-дүниемізбен бірге тәнімізді де сауықтырып тұруға үндейді. Мешіт шәкірттері арасындағы спорт сайыстарының жиі ұйымдастырылуы – салауатты қоғам қалыптастыруға жасалған қадам екені сөзсіз.
"The Qazaq Times"
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды