АҚШ қауымдар палатасы Мексикамен шекарадағы мәселеге қатысты президент Дональд Трамп енгізген төтенше жағдайды жою туралы қарар қабылдады.
Reuters агенттінің хабарлауынша, қауымдар палатасы шекара мәселесін талқылап, биылғы бюджет жобасын талқылаған. Құжатқа конгрессмендердің 245-і қолдап дауыс берсе, 182-сі қарсылық блідірген. Алдағы күндері Сенатта жиын өткізіліп, қарар ережесі таныстырылады. Сенаттағылар мақұлдаған жағдайда, Ақ үй басшылығы тексеру тиіс. Алайда, Трамп шекара мәселесі реттелмейінше елдегі төтенше жағдайдың жалғасатынын айтып, қарарға вето қоймақ.
Трамп осыған дейін 8 қаңтарда халыққа жолдау жасап, Мексикамен арадағы шекара мәселесіне қатысты 5,7 млрд долларға жуық қаржы бөлу керектігін айқан болатын. Бірақ, Конгрестегі демократтар президенттің бұл ұсынысын қабылдаудан бас тартып, биылғы бюджет көлемі анықталған жоқ. Бекітілмеген бюджет салдарынан 22 желтоқсаннан бері АҚШ федералды билігінің жұмысы ішінара тоқтатылған болатын. Бұл мәселеге қатысты Дональд Трамптың өзі: «Үкіметтің толығымен қашан жұмысқа кірісетіндігін айта алмаймын. Шекарада қақпа тұрғызылмайынша «шатдаун» жалғаса береді. Бұл қабырға елге заңсыз кіргісі келетіндерге тосқауыл болады. Жаһандық кеселге айналған адам саудасы мен есірткі тасымалына нүкте қояды. Қазіргі уақытта біз адам саудалаушыларды қолға түсіру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Ал Мексикамен арадағы шекараға қақпа салынбайынша, осы аталған кеселдермен күресу қиынға соғады»,– деп мәлімдеді.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес