АҚШ-тағы төтенше жағдай режимі тағы бір жылға созылды. Бүгін Америка президенті Джо Байден пандемияның алдын алу мақсатында осындай шешімге келді.
Ұлттық төтенше жағдай режимі былтыр 13 наурызда жарияланған. Байден мақұлдаған құжат 1 наурыздан бастап күшіне енеді. Әлемде өлім-жітім санының 18%-дан астамы Америкада тіркелген.
23 ақпанда Америкада коронавирустан қайтыс болған азаматтарды аза тұту күні боп жарияланды. Ел президенті Джо Байден тікелей эфирде: «Бүгін бізде өте қаралы, жанға батарлық кезең – 500 071 адам қайтыс болды. Пандемияның бір жылында ажал құшқан америкалықтар саны Бірінші дүниежүзілік соғысты, Екінші дүниежүзілік соғысты және Вьетнам соғысын қоса алғандағы санға қарағанда – көп», – деді.
Сонымен қатар, Байден коронавирус індетінен көз жұмған Американың 500 мың халқын 1 минут үнсіздікпен еске алып, отандастарын әлдебір түсініспеушіліктерді кейінге қалдырып, пандемиямен бірлесіп күресуге шақырды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті