КХДР көшбасшысының ағасын әлемдегі ең қауіпті таксинмен улап өлтірген деп хабарлайды bbc.com. Малазия полициясының мәлімдемесі бойынша Ким Чон Намның өлімі соғыс кезінде қолданылатын аса қауіпті катергорияға жататын улы қарудың таксинінен улану салдарынан болған. Мамандар мәйіттің бетінде, көзінде қалған токсиннің қалдықтарына жасалған сараптама нәтижесі бойынша улы заттың «VX» химикаты екендігін анықтаған.
VX – жасанды синтезделген ең уытты соғыс қаруы. Ол тікелей адамның жүйке-жүйесіне әсер етіп, аз уақыттың ішінде уланған адам өлім құшады.
VX газы БҰҰ-ның бекітуімен жаппай қыруға бағытталған химиялық қару. Белгілі ақпарат бойынша бұл қарудың қоры тек АҚШ, Ресей, Сирия секілді бірнеше ғана елдерде ғана тіркелген.
Солтүстік Корея басшысының ағасы өткен аптада Коала-Лумпура әуежайында өлтірілген. Қылмыс улы химиялық газ сіңірілген орамалды құрбанның бетіне лақтыру арқылы екі әйелдің қатысуымен орын алған. Бірі Ким Чон Намның көңілін аударып сөзге айналдырып тұрған кезде, екінші қылмыскер улаған орамалды бетіне лақтырып үлгерген.
“The Qazaq Times”
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы