Түркістан облысының Бесқұбыр ауылында ысты газдан тағы бір отбасы қайғылы жағдайға тап болды. Бұл туралы Elitar.kz хабарлап отыр.
Ысты газдың салдарынан 1986 жылғы азамат, 1993 жылғы азаматша және 2015,2016 жылғы екі бүлдіршін қаза тапты.
Алдын ала болжам бойынша, ысты газдың бөлме ішіне таралуына шатырдан шығатын мұржаның қирауы себеп болған. Толықтай аспанға шықпаған түтін кейіннен үйдің ішін жайлаған.
Естеріңізге сала кетейік, ақпан айы қайғылы жағдайлармен басталған. Сонымен қатар әлі де болса сейілер емес. 4 ақпан күні Астанада 5 бірдей бүлдіршін жалдамалы пәтерде өртке оранса, осыдан екі күн бұрын Павлодар облысында бір отбасы ысты газдың салдарынан көз жұмды.
Қазіргі таңда Төтенше жағдайлар министрлігі барлық азаматтарды абай болуға шақыруда.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды