Түркістан облысы Арыс қаласында жойқын жарылыс болды. Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша жарылыс әскери оқ-дәрі қоймасында болған.
Жарылыс Арыс қаласының тұрғындарын қатты алаңдатқан, кейбір тұрғандар қаладан шығып кетуге әрекет етуде. Әлеуметтік желіде Арыс қаласының тұрғындары бірнеше рет жарылыс дауысын естігендерін жазуда. Желіде жарылыстан кейін Арыс аспанын түтін торлаған суреттері көптеп жүктеліп жатыр.
Мәліметтерге қарағанда, Арыс қаласындағы әскери қоймадағы жарылыс туралы хабарлама төтенше жағдайлар қызметіне таңертең сағат 09:30 шамасында келіп түскен. Төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнына құтқару жұмыстарына кірісіп кеткен. Қазірге зардап шеккендер туралы нақты мәлімет жоқ.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті