Венесуэлада 2018 жылы мерзімінен бұрын сайланған Николс Мадуро мен АҚШ басшысы Дональд Трамп ең алғаш мойындаған уақытша президент Хуан Гуаидо арасындағы теке-тірес әлі де жалғасу үстінде.
Күні кеше Венесуэла президенті Николас Мадура АҚШ және батыс елдерінің қолдауымен ұйымдастырылатын мемлекеттік төңкерістің алдын алатындығын мәлімдеп, өзінің лауазымы мен халқын сыртқы күштерден сақтайдындығын жеткізген болатын. Оның сөзінше, АҚШ-тың бас хатшысы Майк Помпео әлемге әмірін айтып, Венесуэла еліне өзінің үстемдігін жүргізгісі келеді. Бірақ, мұндай жағдайдан шығудын жолын қарастырған Мадуро бүгінде өзге де күшті мемлекеттердің пайда болғандығын айтып, олардың қолдап отырғандығына сенім білдіріп отыр. Атап айтар болсақ, оның ішінде АҚШ-пен әркез көзқарастары түйісе бермейтін Ресей мен Қытай елі қазір Мадуроның үстемдігін арттырып отыр.
Венесуэланың ең сүйікті басшысы болған Уго Чавестен кейін таққа отырған Николас Мадуро қазір халық алдында ең нашар басшы сипатына іліккен. Себебі, кедейлік саны артып, экономикалық жағдайы біршама төмендеген. Бұдан бөлек, жемқорлыққа жол берген Венесуэла басшысы тұрғындардың ашу-ызасына тигені белгілі. Венесуэлалық шенеуніктер арасынан ұсталғандардың көбісі осы Мадуроның адамдары болып шыққан.
Халықаралық сарапшылар Мадуроның билік басында қалуына күмән келтіруде. Себебі, халықты осы уақытқа дейін қанап келген басшыға Венесуэла тұрғындарының ашу-ызасы жеткілікті. Осының барлығын барлап отырғандар, Мадуро мемлекеттен қашып кетуі де ғажап емес екендігін білдірді. Мұның қаншалықты жүзеге асырылатыны болашақта белгілі болады.
Қазіргі таңда демократия орнатамын деп елді жаппай бас көтеруге шақырған уақытша президент Хуан Гуаидо мен халықты күшпен ұстап отырған Мадуро арасындағы теке-тірес әлі аяқталған жоқ.