Ресей президенті Владимир Путин Венесуэла басшысы Николас Мадуромен телефон арқылы сөйлесті.
Сөйлесу барысында Путин Мадуроның басқаруындағы Венесуэла билігін қолдайтынын және елдің ішкі мәселелеріне сыртқы күштердің араласуы халықаралық заңдарға қайшы екендігін айтқан.
Өз кезегінде Мадуро елде болып жатқан жағдайларға «өте қауіпті» деген баға беріп, Владимир Путиннің Венесуэла билігін қолдағанына алғыс айтқан.
Естеріңізге салайық, 23 қаңтар күні Каракас қаласында Николас Мадуроға қарсы ұйымдастырылған митингіде оппозициялық парламент көшбасшысы Хуан Гуайдо өзін уақытша үкімет президенті етіп жариялаған. Қазіргі таңда Гуайдоны лигитимді мемлекет басшысы ретінде АҚШ, Канада, Бразилия, Чили, Аргентина, Колумбия, Коста-Рика, Гватемала, Гондурас, Панама, Парагвай және Перу елдері мойындаған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?