АҚШ президенті Дональд Трамп Сүрияға байланысты шешімін өзгертпейді.
Ақ үй әкімшілігі басшысының қызметін атқарушы Мик Малвэни 23 желтоқсан күні Трамптың Сүрия мәселесіне қатысты шешіміне пікір білдірді.
«Президент әу баста АҚШ әскерінің Сүрия аумағында мәңгілікке қалғанын қаламады. Қазір сіздер екі жылдық жұмыстың нәтижесін көріп отырсыз. Дональд Трамп Сүриядан АҚШ әскерін шығаруға байланысты шешімін өзгертпейді» - деп мәлімдеді Малвэни.
Өткен аптада Дональд Трамп АҚШ әскерін Сүриядан шығаратынын мәлімдеген. Осыдан кейін Пентагон басшысы Жеймс Мэттис отставкаға кетіп, Франция президенті Эммануэль Макрон Трамптың бұл шешіміне өкініш білдіретінін айтқан.