Ресейліктердің 40 пайызы ел Конституциясын оқымаған.
«Левада» орталығы 12 желтоқсан күні ресейліктер арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижесін жариялады. Зерттеу бойынша, әлеуметтік сауалнамаға қатысқан ресейліктердің 40 пайызы ел Конституциясын бір де бір рет оқымағандығын айтқан. Бірақ бір қызығы сауалнамаға жауап бергендердің 76 пайызы «Путин билігі Ата заң аясында жұмыс істеп жатыр» деп есептейді.
Ресей Конституциясы 1993 жылдың 12 желтоқсан күні жалпы халықтық дауыс беру нәтижесінде қабылданған. 1994 жылдан бастап 12 желтоқсан «Конституция күні» болып бекітілген. 2004 жылы Мемлекеттік Дума Еңбек кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, 2005 жылдан бастап 12 желтоқсан мерекелік күндер қатарынан алынып тасталған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?