Павлодар қаласының әкімдігі 50 миллион теңгеге пәтер сатып алды.
Кереку әкімдігінің құны 50 миллион теңгелік пәтер сатып алғандығы жөніндегі ақпарат мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған. 2018 жылы салынған су жа4а үйде орналасқан екі қабатты пәтердің үлкендігі 200 шаршы метр. Үйдің ең төменгі қабатында автокөлік тұрағы бар.
Қала әкімдігі 50 миллион теңгеге не үшін пәтер сатып алғандығы әзірге белгісіз. Аталмыш сауда келісіміне қатысты құзырлы орган басшылығы да ешқандай мәлімдеме жасамады.
Жалпы, осыған дейін БАҚ беттерінде мемлекеттік органдардың қыруар қаржы жұмсап қымбат автокөліктер мен пәтерлер сатып алғандығы жөнінде бірнеше мәрте ақпарат тараған. Бірақ осы уақытқа дейін бір де бір мемлекеттік мекеме басшылығы халық алдына шығып мардымды түсініктеме бермеген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?