Жоғары Кеңес депутаты Иса Омуркулов экс-президент Алмазбек Атамбаевтың табысы қайдан келіп жатқанын тексеру керек деп мәлімдеді.
«Мен Атамбаевтың қанша байлығы бар екенін білмеймін. Әрбір шенеунік заңға сәйкес, декларация толтырып, барлық табысы мен мүлкін ашық көрсетуі керек. Егер ол адам дұрыс анықтама бермесе, жауапқа тартылуы тиіс. Оның кімдер арқылы қосымша табыс тауып отырғанын да анықтау қажет. Егер ол кәсібінен табыс тапса, өнімінің көлемі, кірісі, шығысы жөнінде толық мәлімет беруі тиіс. Әрбір адам, оның ішінде Атамбаев та кірісін ашық көрсетпегені үшін, жауапкершілікке тартылуы керек", - деп есептейді Омуркулов.
Депутаттың пікірінше, әңгіме миллион сом емес, миллиондаған доллар жайында болып тұр. "Мұндай ақшаны қысқа мерзімде табуға бола ма? Күмәнді, сол себептен тексеру керек", - дейді Омуркулов.
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев мемлекет басшысы болғанға дейін жеке кәсібінен миллиондаған пайда тапқанын мәлімдеп келген. "Апрель" телеканалына берген сұхбатында табысының көздерін де айтқан.
23 қарашада Бас прокуратура Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетке қоғам қайраткері Эдил Байсаловты тергегеннен кейін, Атамбаевтың Түркиядағы бизнесін сатуынан түскен табысты тексеруге бұйрық берген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?